Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 6.4MB
Стратегиялық шолуPDF 5.9MB
Корпоративтік басқаруPDF 275.8KB
Шоғырландырылған қаржылық есепPDF 376.9KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 81.2KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 163.0KB
Компанияның қызмет аумағыPDF 222.2KB
Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзіPDF 106.8KB
Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбатPDF 156.1KB
Тәуелсіз директорлардың жолдауыPDF 128.3KB
Қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижесінің сараптамасыPDF 517.5KB

Іздеу

Тәуелсіз директорлардың жолдауы

Құрметті акционерлер!

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚМГ БӨ компаниясының атқарушы емес тәуелсіз директорлары («Тәуелсіз директорлар») корпоративтік басқару тұрғысында айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Тәуелсіз директорлар, компания акционерлерін осы қиындықтардың қысқаша сипатымен таныстыра кеткенді дұрыс көрді.

2014 жылғы ҚМГ ҰК ұсынысы

Акционерлер ҚМГ ҰК тарапынан 2014 жылдың шілдесінде жария етілген, Компанияның еркін айналымдағы акцияларын сатып алу жөніндегі ұсынысты ұмыта қойған жоқ деген ойдамыз. Мұндай ұсыныс келіп түскен соң Тәуелсіз директорлар, барлық тараптарды қанағаттандыруы тиіс келісімге қол жеткізу мақсатында ҚМГ БӨ-нің миноритарлы акционерлерімен және ҚМГ ҰК мен оның кеңесшілерімен бірлесе жұмыс жүргізді. 2014 жылдың желтоқсанында Тәуелсіз директорлар ҚМГ ҰК компаниясына хат жолдап, онда аталған ұсыныс, 2014 жылдың қорытындысы бойынша төленуге жоспарланған дивидендтер деңгейі бойынша келісім болған жағдайда ғана акционерлер назарына ұсынылады дегенді жеткізді. Алайда, ҚМГ ҰК 2015 жылдың 5 қаңтарында өз ұсынысын кері шақырып алып, оның себебін «мұнай нарығындағы бағалардың ағымдық құбылмалығы, сондай-ақ баға бойынша келісімге келудің мүмкін еместігі» деп көрсетті.

Дивидендтер

ҚМГ БӨ елеулі ақшалай қаражат қорына иелік етуде, әйтсе де өзінің қаржылық жағдайына қарамастан, соңғы жылдары Компания ешқандай да маңызды мұнай-газ активтерін сатып алған жоқ және де геологиялық барлау жұмыстарына да инвестиция салған жоқ. Тәуелсіз директорлар осы жағдайды есепке ала отырып, Директорлар кеңесіне, ҚМГ БӨ ақшалай қаражаттың артық бөлігін акционерлерге арнайы дивиденд бөлу жолымен қайтаруы тиіс дегенді ұсынды. Тәуелсіз директорлар арнайы дивиденд төлеуді соңғы үш жыл бойы ұсынумен келеді, бірақ ҚМГ ҰК өкілдерінің басым дауысымен сипатталатын Директорлар кеңесі Тәуелсіз директорлардың бұл ұсынысынан әрдайым бас тартумен болды (оның ішінде 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылы да).

2015 жылы ішкі нарыққа мұнай жеткізу бағасы

ҚМГ БӨ IPO-ға шыққан кезде жасалған ҚМГ ҰК және ҚМГ БӨ арасындағы Өзара қарым-қатынас туралы келісім шарттарына сай, ҚМГ БӨ ішкі нарыққа мұнай жеткізу аясында «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» (қазір «ҚазМұнайГаз» – Өңдеу және маркетинг») АҚ-на 2015 жылдың соңына дейін көрсетілген ауқымда және мұнайдың өзіндік құны+3% деген бағамен мұнай жеткізуді өз міндетіне алды. Өзіндік құн шикі мұнайдың бір тоннасын өндірудің өзіндік құны мен тасымал құны, әкімшілік және жалпы шығындар есебінен қалыптасады. 2012–2014 жж. ҚМГ БӨ мұнайды ішкі нарыққа өзіндік құн+3% деген көрсеткіштен жоғары бағамен жеткізді.

2015 жыл бойында «ҚазМұнайГаз» – Өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ӨМ) ішкі нарыққа мұнай жеткізу төлемін біржақты тәртіппен Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) тоннасына 21,288 теңге және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) тоннасына 31,923 теңге деген жылдық орташа бағамен жүзеге асырды. Бұл бағалар ҚМГ БӨ Тәуелсіз директорларымен келісілген жоқ-ты, өйткені олар өзіндік құны+3% деп келісілген баға көрсеткішінен едәуір төмен болатын. ҚМГ БӨ, ҚМГ ҰК және ҚМГ ӨМ басшылары арасындағы ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 2015 жылы ішкі нарыққа мұнай жеткізу бағасын екі зауытқа да тоннасына 37,000 теңге көлемінде белгілеу жөнінде келісімге қол жеткізілді («Өзара есептесу жөніндегі келісім»). Бұл баға Өзара қарым- қатынас туралы келісім талаптарындағы өзіндік құн+3% деген шамаға біршама сай келеді.

Аталған есепті әзірлеу барысында ҚМГ ӨМ өзара есеп айырысу келісіміне сәйкес бұл сомалардың төлемін жүзеге асырған жоқ.

2016 жылы ішкі нарыққа мұнай жеткізу бағасы

Өзара қарым-қатынас келісімінде көрсетілген ҚМГ ӨМ пайдасына белгілі бір мұнай ауқымын жеткізу жөніндегі міндеттемелер 2015 жылдың соңында өз күшін жойды. Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚМГ БӨ-ден ішкі нарыққа мұнай жеткізуді талап етуде. Өзара қарым-қатынас келісіміндегі ішкі нарыққа мұнай жеткізу ережесі өз күшін жойғаннан кейін, ҚМГ ӨМ бұл тұрғыдағы жеткізілімдер бойынша ҚМГ БӨ үшін қолайсыз баға ұсынды. Артынша ҚМГ ӨМ мұнай сатып алудан 2016 жылдың 1 наурызынан бастап бас тартатыны жөнінде ресми ескертпе жолдады.

ҚР Үкіметінің ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі талаптарын орындамау ҚМГ БӨ үшін мұнай экспорты лицензиясынан айырылу қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан да ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химиясы зауытында өңделетін қажетті мұнай ауқымын белгілі бір бағамен процессинг жағдайында (бұл тұрғыда ҚМГ БӨ мұнайға иелік етуін жоғалтпайды) жеткізіп, алынған мұнай өнімдерін ішкі нарықта өткізуді жалғастыра береді. Бұл үлгі 1 сәуірден бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 2016 жылдың алғашқы үш айындағы жеткізілімдердің аралық бағасы тұрғысында таза нэтбектер негізінде дербес процессингтің жаңа үлгісі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Өзара қарым-қатынас туралы келісім

ҚМГ ҰК 2015 жылдың қарашасында ҚМГ БӨ өз акцияларын IPO-ға шығарған тұста жасалған Өзара қарым-қатынас жөніндегі келісімді өзгерту тұрғысында төменде көрсетілген маңызды үш мәселе бойынша ұсыныстарын («Ұсыныстар») жария етті:

  • ҚМГ ҰК-ға Компанияны бақылауға алуды рұқсат ету жөнінде Өзара қарым-қатынас туралы келісімге және Компания Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұрғысында;
  • Компания Жарғысында бекітіліп, Компанияның құнды қағаздарын сатып алу барысында қолданылатын құнды қағаздар құнын анықтау әдісіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу тұрғысында; және
  • белгілі бір кезең аралығында және алдын ала белгіленген баға бойынша акционерлерден акцияларды/ЖДҚ-ларды кері сатып алған жағдайда Компанияға қолдау көрсету тұрғысында.

ҚМГ ҰК өз Ұсыныстарын ҚМГ БӨ үшін «негізгі салаларда Компания Тобының тәжірибесі мен сараптамасына жүгініп, қосарланушылықты қысқарту, шешім қабылдау және бағдарлану тиімділігін арттыру, сондай- ақ шығындарды айтарлықтай қысқарту сынды артықшылықтарға» қол жеткізуде қажет болады деп негіздейді.

Түптеп келгенде, Тәуелсіз директорлар операциялық тиімділікті арттыру қажеттілігін барынша қолдайды, бірақ мынадай ескертумен – ҚМГ БӨ компания ішіндегі үрдістердің, бақылау шаралары мен жүйелердің жұмыс барысын Ұлыбританиядағы листингке қатысты өз міндеттерін орындау мақсатында толық қамтамасыз етуі тиіс.

Компания қазірдің өзінен ҚМГ ҰК-нің техникалық сараптамасына қол жеткізген. Бұл Өзара қарым-қатынас туралы келісімге не Жарғыға қандай да бір өзгеріс, не толықтыру енгізбестен, IPO барысында жария етілген Компания тәуелсіздігі мен міндеттеріне залал келтірмей-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады дегенді білдіреді. Тиімділіктің мұндай көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін миноритарлық акционерлер мүддесін қорғау шараларынан бас тартудың не қажеті бар? ҚМГ ҰК мұны осы уақытқа дейін түсіндіре алған жоқ.

Өндірістік көрсеткіштерді ұлғайтып, тиімділікті арттыру мақсатында ҚМГ БӨ өзінің 11 қызметкерін 2015 жылдың қыркүйегінен ресми түрде ҚМГ ҰК-нің Түрлендіру кеңсесіне ауыстырды. Өзара қарым-қатынас туралы келісім шарттары аталған түрлендіру барысына ҚМГ БӨ-нің қатысуына кедергі келтірген жоқ. Өнімділікті арттыру аясында ҚМГ БӨ таяуда құрылған «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне («ӨБТ ҒЗИ») қолдау көрсетуде. Тәуелсіз директорлар ӨБТ ҒЗИ-дің кәсіпқойлығы мен қайрат-жігерін атап өтуді жөн санайды, бұл ҚМГ БӨ басшылығы жұмысына қолдау тигізуде. ӨБТ ҒЗИ тарапынан қолданыстағы ұңғымалардың өнімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар түсті. Олардың ішінде электрлі ортадан тепкіш сорғыш құрылғыларды кең ауқымда орнатып, жер қабатын гидрожару технологияларын енгізу (экономикалық тиімділік жағдайында), көлденең және тік ұңғыма бұрғыларын жүргізу жолдары сөз етілген. Тиімділікті арттырудың мұндай шаралары ҚМГ БӨ үшін мейлінше пайдалы болмақ.

Анығын айтқанда, Тәуелсіз директорлардың пайымынша, тиімділік көрсеткіштерін арттырудың бұл тұрғыдағы шараларын жеделдетіп жүзеге асыруға Өзара қарым-қатынас келісімінің талаптары емес, ҚМГ Тобында бой түзеген қандай да бір өзгерістерге деген кертартпалық бейін сипаты кедергі келтіріп отырса керек. Қысқаша айтқанда, Өзара қарым-қатынас келісімі миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғайды және де ол ешқашанда өрлеу барысына кедергі келтірген емес.

Жалпылай алғанда, аталған Ұсыныстар ҚМГ ҰК-нің мажоритарлық акционер ретіндегі рөлін кеңейтуге бағытталған. Бүгінгі таңда, ҚМГ БӨ-дегі ағымдағы үлес иелігімен ҚМГ ҰК Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің басым көпшілігін тағайындай алады, оның ішінде, операциялық қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша шешім шығаруда негізгі тұлғалар болып табылатын Төраға мен Бас директорды да. Осылайша, ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің қызметін көп жағдайда өз бақылауына алып отыр (оның ішінде, дивидендтер төлеуді қосқанда да), тек Жарғыға сәйкес Тәуелсіз директорлардың көпшілігінің мақұлдауын талап ететін бірқатар мәселелерді есепке алмағанда, мысалға, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, Компания акцияларын орналастыруды, ірі келісімдер мен мүдделілігі басым келісімдер бойынша шешім шығаруды, сондай-ақ Компания акцияларының делистингі жөнінде шешім шығаруды.

Тәуелсіз директорлардың пайымынша, 2015 жылдың қарашасында ұсынылған толықтырулар миноритарлық акционерлердің мүддесін орынсыз шектейтін қадамдар, ал операциялық тиімділікті арттыру жоғарыда көрсетілген өзара қарым-қатынас әрекеттерін жалғастыру жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Тәуелсіз директорлар ҚМГ ҰК-мен Ұсыныстар бойынша келіссөздер жүргізуді әрі қарай жалғастыруда, қолдарыңыздағы жолдау әзірленіп жатқан тұста ҚМГ ҰК Ұсыныстар бойынша жұмыстарын әлі аяқтаған жоқ. Ұсыныстар дайын болысымен Тәуелсіз директорлар оларды акционерлер назарына шығарып, оларға қатысты өз ұсыныстарын да ортаға салады.

Сөз соңында

Біз, Тәуелсіз директорлар, операциялық тиімділікті жетілдіріп, барлық акционерлер үшін жоғары пайда көрсеткіштеріне қол жеткізу тұрғысындағы бірлескен мақсаттарға жету жолында ҚМГ ҰК мен өзіміздің тиімділігі жоғары басқарушы командамен бірлесіп әрі қарай жұмыс істей алатынымызға сенімдіміз. ҚМГ БӨ-нің корпоративтік басқару тетіктеріндегі қандай да бір өзгерістер, оның ішінде Өзара қарым-қатынас келісіміндегі де, Компанияның миноритарлық акционерлерінің құқықтарын тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ететін болады, Тәуелсіз директорлар бұл тұрғыдағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыра береді.

Филип Дэйер,

ҚМГ БӨ Тәуелсіз директоры

Аластэр Фергюсон,

ҚМГ БӨ Тәуелсіз директоры

Эдвард Уолш,

ҚМГ БӨ Тәуелсіз директоры

Close

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (717) 297 79 12
Факс: +7 (717) 297 74 26

Инвесторлармен байланыс(Институционалдық инвесторлардың сауалдары)

Tel.: +7 (717) 297 54 33

Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97 79 08
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz