Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 6.4MB
Стратегиялық шолуPDF 5.9MB
Корпоративтік басқаруPDF 275.8KB
Шоғырландырылған қаржылық есепPDF 376.9KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 81.2KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 163.0KB
Компанияның қызмет аумағыPDF 222.2KB
Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзіPDF 106.8KB
Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбатPDF 156.1KB
Тәуелсіз директорлардың жолдауыPDF 128.3KB
Қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижесінің сараптамасыPDF 517.5KB

Іздеу

Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбат

Құрманғазы Есқазиев,

ҚМГ БӨ Бас директоры

ҚМГ БӨ Бас директоры (басқарма төрағасы) қызметін 2015 жылдың 23 қыркүйегінен бері атқарады. Қосымша негізде «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ») Бас директорының бірінші орынбасары: ЕМГ басқармасы төрағасы болмаған кездерде оның қызметін атқарады. 2013 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ-ның («ҚМГ ҰК») геология бойынша атқарушы директорыбас геологы болып жұмыс істеді. 2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдыңжелтоқсанына дейін ҚМГ ҰК Басқармасы төрағасының геология және келешегі зор жобалар жөніндегі орынбасары қызметінде болды. 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта ҚМГ БӨ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, бұдан кейін департамент директоры қызметтерін атқарды. Еңбек жолын «Ембімұнай» өндірістк бірлестігінің Балықшы барлау бұрғысы басқармасында бастады. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін (тау-кен инженер-геологы) және геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесі тағайындалуымен Томскі политехникалық университетін оқып бітірді. Құрманғазы Есқазиев Компанияның ДК мүшесі болып 2015 жылдың 26 қарашасында сайланды.

Оның өмірбаяны Бөлімді көшіріп алу (156.1 KB)

“Біздің компания мұнай өндіру технологияларын ұдайы жетілдіре отырып, капиталдық шығындар мен мұнайдың өзіндік құнын төмендету үшін өз қызметін оңтайландыруға түпкілікті ден қоюда. Алдағы уақытта біз геологиялық барлау тұрғысында белсенді қызметке бел шеше кіріспекпіз.”

Құрманғазы Орынғазыұлы, Компания 2015 жылы қол жеткізген нәтижелер туралы айтып берсеңіз...

2015 жылы мұнай саласы тек Қазақстанда ғана емес, жалпы, әлем бойынша терең құлдырауды бастан кешті, өз кезегінде, бұл келешекке негізделген жоспарларға ықпал етпей қойған жоқ. Мұнай бағасының төмендеуі, бізді инвестицияларды қайта қарап, үнемдеу мүмкіндігін іздеуге, сол сияқты, мейлінше аз шығынмен өндірістің ағымдағы деңгейін ұстап тұруға мәжбүр етуде.

Десек те, сыртқы жағымсыз факторларға қарамастан, бізге тиесілі активтерде өнім өндіру көрсеткіші тұрақты деңгейде сақталып, алға қойған жоспарлардан ауытқыған жоқ. 2015 жылы біздің негізгі активтеріміздің бірі «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында 5,5 млн тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% жоғары көрсеткіш. Қосымша өндіруді, біз, негізінен, жаңа ұңғымаларды іске қосу және қолданыстағы ұңғымалар қорында геологиялық-техникалық шаралар жүргізу есебінен қамтамасыз ете алдық. 2015 жылы Компанияның таза пайдасы 244 млрд теңгені құрады (1 096 млн АҚШ доллары). 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда таза пайданың артуы, негізінен, бағамдық айырмаға қатысты орын алды, өз кезегінде, бұл мұнай бағасының төмендеуі салдарында азайып кеткен түсімнің орнын толтырды деуге болады.

Компанияның бизнес-жоспарында алға қойылған негізгі өндірістік міндеттерге де тоқталсаңыз...

Компанияның негізгі активтері болып табылатын «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2016 жылы өнім өндіру көлемі 1%-ға ұлғайып, 8,4 млн тоннаны құрайды деген жоспарымыз бар, біз бұл арада, негізінен, ескі ұңғымалар қоры есебінен өндірілетін өнімді айтып отырмыз. Сонымен қатар, эксплуатациялық бұрғылау ауқымын қысқарту есебінен 2016 жылы капиталдық салымдарды 2015 жылмен салыстырғанда 21%-ға қысқарту да жоспарланған. 2020 жылы ӨМГ және ЕМГ компанияларындағы өнім өндірудің жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсуі тиіс, бұл үшін қолданыстағы ұңғымалар қорының тиімділігін арттыру ойда бар, яғни ескі қордағы ұңғымалардың қолданыс коэффициентін жақсарту нәтижесінде, өнім өндіру көлемі ұлғаюы тиіс.

Ал «Қазгермұнай», «Қаражанбасмұнай» және «ПетроҚазақстан Инк.» сынды біздің бірлескен кәсіпорындарымыз бойынша айтар болсам, кен орындарының табиғи жолмен сарқылуы салдарында бұл компанияларда өнім өндіру деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 17%-ға төмендемек. Жалпылай алғанда, ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дегі үлестерін есепке алғанда ҚМГ БӨ бойынша 2020 жылы өнім өндіру көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендейді деген пайым бар.

Үміт артар қаржылық нәтиже қандай?

Мұнай нарығындағы қазіргі жағдай, әсіресе, «Өзенмұнайгаздың» табыстылығына қатты әсер етті. Бұл кәсіпорын қала құраушы болып табылатындықтан да, Директорлар кеңесі «Өзенмұнайгазға» 2016 жылы 45 млрд теңге түрінде қосымша қаржылық қолдау ұсыну жөнінде шешім шығарды. ҚМГ БӨ 2015 жылы ӨМГ кәсіпорнына 37 млрд теңге көлемінде қолдау көрсеткенін ескерсек, бұл кәсіпорынға соңғы екі жылда ұсынылған қаржылық қолдау көлемі 82 млрд теңгені құрамақ. Келісім шарттары бойынша «Өзенмұнайгаз» бұл қаражатты 2017 жылдың соңына дейін қайтаруы тиіс. Осы арада айта кетсем, негізі, біздің қолымыздағы бюджет те, бизнес- жоспар да қосымша пысықтауды талап етеді. Сыртқы факторлар өзгерген сайын, біз де ҚМГ БӨ компаниясының шығындарын азайтып, өндіріс тиімділігін арттыру тұрғысында қолда бар барлық мүмкіндіктерді ескеретін боламыз.

Ал, айталық, жұмыс орындарын қысқарту есебінен операциялық шығындарды азайту мәселесі қарастырылған ба? Сала ішіндегі дағдарыс аясында әлемдік деңгейдегі мұнай компанияларының біразы қазір персоналды қысқартуға ден қойғаны белгілі.

Біз, ұзақ мерзімге негізделген жобаларды кейінге қалдыра отырып, өнім өндіру деңгейіне ықпал етпейтін шығындарды барынша қысқарттық. Әрине, операциялық шығындардың елеулі бөлігін еңбекақы қоры құрайтыны рас. 2014 жылы бұл қор 32%-ға өсті. Оған – жалақыны жыл сайынғы индексациялау шарасы, теңгенің құлдырауына байланысты жалақыны 10%-ға көтеру, сол сияқты, «ҚазМұнайГаз» ҰК холдингінің ұсынысымен «Барлау Өндіру» бизнес-бағытындағы қызметкерлердің жалақысына қатысты 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін (ЕТБЖ) енгізу барысы ықпал етті. 2015 жылы еңбекақы қорының шығындары 13%-ға өсті, негізінен, жалақыны жыл сайын 7%-ға индексациялау нәтижесінде және алдыңғы жылдың үш айында ЕТБЖ ендіру барысында. Еңбекақы қорының шығындарын біз белгіленген шығындарға жатқызамыз, яғни біз бұл шығындарға ықпал ете алмаймыз, өйткені ол үшін ҚМГ БӨ өз жұмысшылары алдында әлеуметтік тұрғыда жауапты. Алайда, өндірістің тіиімділігін арттыру негізінде біз шығындардың өзге де құрамдас бөліктерін ағымдағы деңгейде ұстауға тырысудамыз. Біздің бизнес-жоспарымызға сәйкес, ағымдағы макроэкономикалық көрсеткіштер сақталған жағдайда, өнім өндіру шығындарын оңтайландыру барысында жұмыс орындарын қысқарту жобаланбаған. Бірақ егер жағдай қиындап жатса, онда компания дағдарысқа қарсы кешенді шараларды қарастыруға мәжбүр болады, оның ішінде, қысқартылған жұмыс күнін енгізу, ақысыз демалыстар, т.т. дегендей. Егер, түптің түбінде осы сынды ақтық шараларды қолға алуға тура келсе, онда, әрине, компания басшылығы бұл мәселелерді талқылау барысына кәсіподақтар мен ұжымдардың өкілдерін шақыратын болады.

ҚМГ БӨ геологиялық барлау шығындарын азайтуда. Сол сияқты, Комания соңғы кезде айтарлықтай ірі жобаларды сатып алуға да талпыныс білдіре қойған жоқ. Мұндай жағдайда қорларды толтыруды қалай жүзеге асыруға болады?

Нарық ішінде қолайлы жағдай орнаған сәтте, біз де қорларды толтыруға негізделген геологиялық барлау жұмыстарына белсене кірісетін боламыз. Бүгінгі таңда келешегінен мол үміт күтуге болатын жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқына қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда, оның ішінде, тұзды қабаттар бойынша да. Мысалға, 2015 жылдың наурызында «Ембімұнайгаз» АҚ-да ұзақ мерзімдік стартегия қабылданды, оған сәйкес Каспий маңы шұңғымасының терең тұзды қабаттарында геологиялық барлау жүргізу ескерілген.

Бұл тұрғыда, серіктестер іздеп, жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу және корпоративтік келісімге келу төңірегінде кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. Болашақта, егер, коммерциялық тиімділік айқындалып жатса, онда бірлесе игеру мәселесі де қарастырылуы мүмкін. Атап айтқанда, тереңдігі 7 000 метрді құрауы ықтимал, келешегі тиімді деуге тұратын мұнай орындарының бірқатар учаскелерінде барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жаңаөзенде ҚазГӨЗ-дің ресурстық базасын кеңейту бағдарламасы басталды. Бұл зауыт аймақ жұртын сұйытылған тұрмыстық газбен, бензиннен тазартылған құрғақ газбен және пешке жағатын отынмен қамтамасыз етіп отыр. Сол сияқты, Маңғыстаудағы кәсіпорындардың техникалық оттегіне деген қажеттілігін де осы зауыт қамтуда. Жоспар бойынша 2024 жылға дейін қорларды ұлғайтып, өндірісті арттырудың төрт кезеңі қарастырылған.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында бизнесті түрлендіру бағдарламасын жүзеге асыру басталғанын білеміз, бұл бағдарлама еншілес кәсіпорындарды да түгел қамтыған. Аталған шара ҚМГ БӨ аясында қалай жүргізілуде?

Бұл бағдарлама таяу келешекте шығындар мен үрдістерді оңтайландырып, тиімділікті арттыру, сөйтіп, кәсіпорынның кірістілігін дамыту дегенді білдіреді. Қазір бұл бағдарлама «Ембімұнайгаз» АҚ-да енгізілу үстінде, осыған сай компанияның әрі қарай ілгерілеуіне діңгек болар негізгі үш бағыт қолға алынған. Яғни, Уаз кенішінде зиятты ұңғымалар енгізіп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) барысын оңтайландыру, техникалық қызмет пен құрал- жабдықтарды жөндеуден (ТҚҚЖ) өткізуді оңтайландыру деген тұрғыда.

МТҚ және ТҚҚЖ жобалары қамту жүйесін басқарудың барлық деңгейіндегі үрдістерді жақсартуға, сол сияқты, қоймалық қорлар деңгейін төмендетуге және саудалық сатып алулар барысын ұйымдастыру және жүзеге асыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. 2015 жылдан 2016 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде МТҚ барысын оңтайландыру жобасы аясындағы экономикалық тиімділік 1,3 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың соңына дейін жалпы нәтиже 3,3 млрд теңгені құрауы тиіс.

«Ембімұнайгаз» АҚ мамандары өз күштерімен жүзеге асырып жатқан тағы бір жоба – «Интеллектуалды кен орны» деп аталады. Уаз кен орнында мұнай өндірудің барлық кезеңдеріндегі көрсеткіштерді есепке алып, оларды онлайн түрде диспетчерге жеткізіп отыратын арнайы құрылғы орнатылған. Барлық ақпарат қосымша негізде Есептеу орталығына да жеткізіледі, сөйтіп, біз бұл ақпаратты сарапқа салып, талдап, ұзақ мерзімге негізделген жоспарлауға кірісеміз. Алдын ала болжанған мәліметтер бойынша, «Интеллектуалды кен орны» жобасының арқасында Уаз кен орнында қосымша өнім өндіру 3% шамасын құрауы мүмкін. Бұрғы ұңғымаларының жұмысын қалпына келтіру уақыты 15-20%-ға қысқарып, жерасты құрылғыларын қолданудың жеңілдетілген тәртібі жөндеу санын, тіпті, ең пессимистік болжамдар бойынша, жылына 20-дан 15-ке дейін қысқартуға жол ашпақ.

ҚМГ БӨ жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар туралы не айтасыз?

Біз жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында ҚМГ БӨ қызметі орналасқан аймақтарды дамытуға қаражат бөлуді бұрынғысынша жалғастырып келеміз. 2015 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әртүрлі әлеуметтік жобаларға 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын аймақтың ағымдағы қажеттіліктері мен халық өтінішіне сай жергілікті атқару органдары өздері шешеді. Оның сыртында, компания спорт бірлестіктеріне, әскери қақтығыстар ардагерлерінің қоғамдастықтарына, «Мұнайшы» қорына демеушілік көмек көрсетуде. Әлеуметтік дамытуға қолдау көрсету тұрғысындағы жұмыс ауқымы өз жалғасын табуда, әлбетте, біз компанияның өндіріс ошақтары орналасқан аймақтарда жылдан жылға өмір деңгейі жақсара түскеніне мүдделіміз.

Қазіргідей экономикалық жағдайда оптимистік көзқарас ұстана білудің өзі айтарлықтай жігерлікті талап етеді. Бүгінде еліміздің бірқатар облыстарында жұмыс істеп жатқан ҚМГ БӨ жұмыскерлерінің саны 26 мың шамасында. Сіз осы кісілерге, яғни өз жұмыскерлеріңізге осындай алмағайып кезеңде не айтар едіңіз?

Директорлар кеңесі компания менеджменті алдына – ҚМГ БӨ компаниясын дамудың жаңа кезеңіне шығаруды мақсат еткен үлкен міндеттер қойып отыр. Біздің компания мұнай өндіру технологияларын ұдайы жетілдіре отырып, капиталдық шығындар мен мұнайдың өзіндік құнын төмендету үшін өз қызметін оңтайландыруға түпкілікті ден қоюда. Алдағы уақытта біз геологиялық барлау тұрғысында белсенді қызметке бел шеше кіріспекпіз. Егер біздің әрқайсысымыз өз жұмысын сапалы етіп орындайтын болсақ, онда біз операциялық және басқару үрдістерін түрлендіріп, мұнай өндірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз етіп, ҚМГ БӨ-нің акционерлік құнын барынша арттыратын боламыз. Бұл үшін бізде барлық жағдай ескерілген, ең бастысы, адал еңбектің арқасында бір-бірімізді қолдай отырып, белгіленген жоспарларды ойдағыдай етіп орындау керек.

Close

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (717) 297 79 12
Факс: +7 (717) 297 74 26

Инвесторлармен байланыс(Институционалдық инвесторлардың сауалдары)

Tel.: +7 (717) 297 54 33

Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97 79 08
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz