Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 6.4MB
Стратегиялық шолуPDF 5.9MB
Корпоративтік басқаруPDF 275.8KB
Шоғырландырылған қаржылық есепPDF 376.9KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 81.2KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 163.0KB
Компанияның қызмет аумағыPDF 222.2KB
Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзіPDF 106.8KB
Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбатPDF 156.1KB
Тәуелсіз директорлардың жолдауыPDF 128.3KB
Қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижесінің сараптамасыPDF 517.5KB

Іздеу

Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзі

Кристофер Хопкинсон,

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары,

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Кристофер Хопкинсон Шотландиядағы Сент- Эндрюс (St Andrews University) университетін бітірген. Мұнай және газ саласында 1980 жылдан бері жұмыс істейді. ҚМГ ҰК акционерлік қоғамына дейін International Petroleum, Imperial Energy Corporation PLC компанияларында бас директор және BG Тобының Солтүстік Африкадағыактивтері бойынша бірінші вице-президент лауазымдарында болды. Бұған дейін Shell және «TNK-BP Холдинг» ААҚ-да әртүрлі қызметтерді атқарды. Мұнайшы Инженерлер қоғамының мүшесі.

Кристофер Хопкинсон Компанияның ДК мүшесі болып 2015 жылдың 13 қаңтарында, ал ДК төрағасы болып 2015 жылдың 20 қаңтарында сайланды. Хопкинсон мырза тағайындаулар жөніндегі комитеттің мүшесі.

Оның өмірбаяны Бөлімді көшіріп алу (106.8 KB)

“2015 жылы біз Компанияның өндірістік бағдарламасының тиімділігін айтарлықтай арттыра алдық және де біз ҚМГ ҰК компаниясымен тығыз ынтымақтастық қатынастың арқасында бизнесті түрлендіру және Ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынысында едәуір жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ бізге әлі де көптеген шараларды жүзеге асыру керек болады.”

Құрметті акционерлер!

2015 жыл ҚМГ БӨ үшін ауыр соқты. Мұнай бағасының елеулі ауқымда және жедел қарқынмен құлдырауы нәтижесінде Компанияның операциялық табысы жағымсыз сипат алды, ал әлеуметтік шығындар ұлғая түсті. Мұнай және газ саласындағы өзге де компаниялар секілді, біз мұнай бағасындағы төмендеу күткендегіден де ұзаққа созылуы ықтималдығын жоққа шығармаймыз.

Компания бұл мәселелерге шығын бөлігін шұғыл қысқарту негізінде жауап қайтаруға әлі де қауқарсыз, бұл арада лифтинг-шығындар 2015 жылы шығынсыз көрсеткіштер деңгейінде барреліне 70 доллар шамасында өсіп отырғанын да айта кету керек. Біздің пайымымызша, 2016 жылғы өндіріс нәтижесі де жағымсыз сипат алуы ықтимал, өйткені Компанияның операциялық қызметі шығынды жағдайда қалып отыр, сол себепті де 2016 жылы қолма-қол қаражат ауқымын елеулі деңгейде қосымша қысқарту мәселесі де ескерілген. Мұндай жағдай ұйымдастыру барысын өзгертуді талап етеді.

2015 жылы біз Компанияның өндірістік бағдарламасының тиімділігін айтарлықтай арттыра алдық және де біз ҚМГ ҰК компаниясымен тығыз ынтымақтастық қатынастың арқасында бизнесті түрлендіру және Ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынысында едәуір жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ бізге әлі де көптеген шараларды жүзеге асыру керек болады.

2016–2017 жылдары шығынсыз деңгейге шығу үшін біз шығындарды қысқарту және тиімділікті арттыру барысын барынша жеделдетіп жүргізуге тиіспіз, бұл шара, өкінішке қарай, ішкі бюрократия мен қосарланушылық салдарында әлі де кідірістеп жатыр. Біз қазір 2016 жылдың айқынды 4 басымдығын белгілеп көрсеттік. Олар:

  • Бэк-офистік қызметтерді орталықтандыру;
  • басқарманың атқарымдық тәртіп қызметін жақсарту;
  • орталықтандырылған білім, технологияларды басқару және алмасу барысын арттыру; сондай-ақ
  • мұнай өндірудің заманауи жаңа тәсілдерін енгізу есебінен геологиялық-техникалық шаралардың тиімділігін арттыру.

Біз өңдеуші қуаттарды жаңарту нәтижесінен қосымша тиімділік әсерін күтеміз, бұл ішкі жеткізілімдерге арналған жаңа агенттік үлгі аясындағы және жаңа баж салығы бойынша мұнай өңдеу маржасын жақсарту дегенді білдіреді.

Осынау мақсаттар төңірегінде топтаса отырып, Директорлар кеңесі ҚМГ БӨ аясында мәдени және ұйымдастырушылық өзгерістер енгізуге айрықша мән береді, бұл тұрғыдағы өзгерістер бүгінгідей қиын кезеңді ойдағыдай еңсеру үшін өте қажет. Қазіргі таңда Директорлар кеңесі мен мажоритарлы акционер Жарғыға және Өзара қарым-қатынас жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу тұрғысында келіссөз жүргізуде, өз кезегінде, бұл Директорлар кеңесіне бақылау және қадағалау шараларын күшейтіп, шешім қабылдау тетіктері мен ұйымдастырушылық барысын біршама жеңілдетуге мүмкіндік бермек.

Close

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (717) 297 79 12
Факс: +7 (717) 297 74 26

Инвесторлармен байланыс(Институционалдық инвесторлардың сауалдары)

Tel.: +7 (717) 297 54 33

Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97 79 08
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz