Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 6.4MB
Стратегиялық шолуPDF 5.9MB
Корпоративтік басқаруPDF 275.8KB
Шоғырландырылған қаржылық есепPDF 376.9KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 81.2KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 163.0KB
Компанияның қызмет аумағыPDF 222.2KB
Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзіPDF 106.8KB
Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбатPDF 156.1KB
Тәуелсіз директорлардың жолдауыPDF 128.3KB
Қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижесінің сараптамасыPDF 517.5KB

Іздеу

Берік сыннан мызғымай өтіп...

Жылдық есеп-2015

Толығырақ

Әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдай бізден сын тегеуріндерінен сүрінбей өтіп, байыпты шешімдер қабылдауды талап етеді. Компанияны дамыту жолында ҚМГ БӨ тиісті қадамдар жасап, әрекет етуін әрі қарай жалғастыруда. Бұл бізге Қазақстанның мұнай және газ нарығындағы ірі ойыншылардың бірі ретінде қалуға мүмкіндік береді. Осынау мақсаттарға негіз болар талаптар – тұрақтылық, өміршеңдік және жауапкершілік. Бұл біздің жұмысымыздың барлық бағыттарына сай қатаң қағида.

Толығырақ
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2004 жылдың наурыз айында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) компанияларының қосылуы негізінде құрылды.

2015 жылдың нәтижесі бойынша Компания Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша жетекші үштіктегі өз тұғырын сақтап қалды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, Компания өндірген мұнай көлемі 2015 жылы 12 351 мың тоннаны құрады (тәулігіне 251 мың баррель). Бірлескен компаниялардағы үлестерін есепке алмағанда, ҚМГ БӨ компаниясының дәлелденген және ықтимал қорларының шоғырланған ауқымы 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 152 млн тоннаны құрады (1 115 млрд баррель). Бұл 2014 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда 15% жоғары көрсеткіш және де, негізінен, геологиялық- техникалық шараларды (оның ішінде бұрғылау шаралары да бар) мейлінше тиімді етіп орындай отырып, өңдеу барысына қорларды тарту нәтижесінде мүмкін болды.

Компания акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE), ал жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған.
Берік сыннан мызғымай өтіп...
Тұрақтылықтың арқасында
Компанияның әрі қарай дамуының басты құрамдас бөлігі – кемелденген кен орындарында өнім өндіру тиімділігін арттыру болып табылады. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін біз өндірістік нысандарда – оларды оңтайландыру мақсатында тұрақты түрде бақылау шараларын жүргізіп, энергия үнемдеу саясатын орындаумен қатар, мұнай өндіру коэффициентін арттыру әдістерін іздеп, зерттеуді жалғастыра береміз.

+15%

ҚМГБӨ компаниясының шоғырланған, дәлелденген және ықтимал қорларының ауқымы,

2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша, бірлескен компаниялардағы үлестерін есепке алмағанда, 152 млн тоннаны құрады (1 115 млрд баррель), бұл 2014 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда 15%-ға жоғары көрсеткіш. Мұны DeColyer және McNaughton компаниялары да растап отыр. Бұл геологиялық-техникалық шараларды (оның ішінде бұрғылау шаралары да бар)мейліншетиімдіетіпорындайотырып, ықтимал қорларды игеруге алу есебінен мүмкін болды.

12 351

мың тонна

ҚГМ, ССЕL және ПҚИ-дегі үлестерін қосқанда Компания 2015 жылы өндірген мұнай ауқымы.

2015 жылы Компания Қазақстанда мұнай және газ өндіру көрсеткіші бойынша жетекші үштіктегі өз тұғырын сақтап қалды. ҚМГ ҰК және «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесе отырып, біз өз жұмысымызды өндірістік қызмет тиімділігін арттыру төңірегінде топтастырдық.

-23%

2015 жылы капиталдық салымдар 98 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 23%-ға төмен көрсеткіш.

Негізінен, өндіріс қуаттарын қолдауға капиталдық салымдардың біршама кемуі мен бұрғылау қызметтерін орындаушы тарапынан ұсынылған 15% жеңілдік нәтижесінде эксплуатациялық бұрғылау ауқымы мен құнының төмендеуі есебінен.

Берік сыннан мызғымай өтіп...
Өміршең-діктің арқасында
Түрлендіру бағдарламасын жүзеге асыра отырып, біз кен орындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруға, мұнай өндіруді ұлғайтуға және қолданыстағы шығындарды азайтуға қол жеткіземіз. Бұл тұрғыда, Қазақстанның ресурстық базасын сақтап, арттырумен қатар, геологиялық барлаудың жаңа бағыттарын зерттеу жұмыстары да жүргізілуде.

4 басымдық

2016 жылға белгіленген айқынды

  • Бэк-офистік қызметтерді орталықтандыру;
  • басқарманың атқарымдық тәртіп қызметін жақсарту;
  • орталықтандырылған білім,технологияларды басқару және алмасу барысын арттыру; сондай-ақ
  • мұнай өндірудің заманауи жаңа тәсілдерін енгізу есебінен геологиялық-техникалық шаралардың тиімділігін арттыру.

+1,3

млрд теңге

МТҚ барысын оңтайландыру жобасы аясындағы экономикалық тиімділік.

МТҚ және ТҚҚЖ жобалары өндірістегі барлық үрдістерді қадағалау барысын күшейтуге, тауар-материал қорларының артығын қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2017 жылдың соңына қарай бұл жобалар бізге 3,3 млрд теңге үнемдеуге жағдай туғызады.

«Интеллектуалды ұңғымалар жобасы»

«Интеллектуалды ұңғымалар» жобасының арқасында Уаз кен орнында қосымша өнім өндіру 3% шамасын құрауы ықтимал.

Ұңғыма жұмысын қалпына келтіру уақыты 15-20%-ға қысқарып, жер асты құрылғыларын қолданудың жеңілдетілген тәртібі жөндеу жұмыстарын жылына 20-дан 15-ке дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Берік сыннан мызғымай өтіп...
Жауапкерші-ліктің арқасында
Ұзақ мерзімге негізделген мақсаттарға қол жеткізуде, дамыту және өркендеу Бағдарламаларын жүзеге асыруда біз жауапкершілік мәселесін әрқашан есте ұстаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, қоғам қауіпсіздігі және тұлға қалыптастыру біздің жұмысымыздың негізі болып табылады. Біз үшін тек Компания қызметкерлерінің ғана емес, жалпы қоғамның әл-ауқат жағдайы да өте маңызды, біз Компанияның қайырымдылық, демеушілік және білім беру бағдарламаларын әрі қарай дамыту жұмыстарын жалғастыра береміз.

2,6

млрд теңге

Компанияның 2015 жылғы келісімшарттық міндеттерін орындау аясындағы әлеуметтік шығын көрсеткіші.

Оның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік бағдарламалар мен экология қоры бойынша – 1,9 млрд теңге, жергілікті мамандарды оқытуға 0,7 млрд теңге бөлінді. ҚМГ БӨ-нің әлеуметтік саясат саласындағы стратегиясы – Компания жұмыс істеп жатқан аймақтарды дамытуға үлес қосуға бағытталған.

4,6

млрд теңге

Негізгі 4 актив бойынша табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға жұмсалған қаражат.

Компания қызметі табиғи қорларды пайдаланумен тікелей байланысты болғандықтан да, ҚМГ БӨ осы қорларды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтаудағы қоғам алдындағы жауапкершілігін толық түсініп, мойындайды.

37 941

Маман

2015 жылы кәсіби біліктілік көрсеткіштерін арттыра алды.

Құрылған сәттен бастап ҚМГ БӨ жыл сайын жаңа қызметкерлер әзірлеп, олардың кәсіби біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда. Бірыңғай корпоративтік саясат пен басымдық стратегияларын ендіріп, тарату мақсатында ҚМГ БӨ Компания тобындағы қызметкерлер мен жұмыскерлерге арнап әртүрлі білім бағдарламаларын ұйымдастыруда.

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Түсім

-37%

2015
530
2014
846

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Сату ауқымы

+0%

2015
12,2
2014
12,2

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Таза пайда

+418%

2015
244
2014
47

Директорлар кеңесі Төрағасының Алғы сөзі

“2015 жылы біз Компанияның өндірістік бағдарламасының тиімділігін айтарлықтай арттыра алдық және де біз ҚМГ ҰК компаниясымен тығыз ынтымақтастық қатынастың арқасында бизнесті түрлендіру және Ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынысында едәуір жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ бізге әлі де көптеген шараларды жүзеге асыру керек болады.”

Кристофер Хопкинсон,

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары,
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Компанияның қызмет аумағы

Тәуелсіз директорлардың жолдауы

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚМГ БӨ компаниясының атқарушы емес тәуелсіз директорлары («Тәуелсіз директорлар») корпоративтік басқару тұрғысында айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Тәуелсіз директорлар, компания акционерлерін осы қиындықтардың қысқаша сипатымен таныстыра кеткенді дұрыс көрді.

Есептің толық нұсқасын көшіріп алу

PDF 8.8MB

Бас директор Құрманғазы Есқазиев мырзамен сұхбат

“Біздің компания мұнай өндіру технологияларын ұдайы жетілдіре отырып, капиталдық шығындар мен мұнайдың өзіндік құнын төмендету үшін өз қызметін оңтайландыруға түпкілікті ден қоюда. Алдағы уақытта біз геологиялық барлау тұрғысында белсенді қызметке бел шеше кіріспекпіз.”

Құрманғазы Есқазиев,

ҚМГ БӨ Бас директоры

Close

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (717) 297 79 12
Факс: +7 (717) 297 74 26

Инвесторлармен байланыс(Институционалдық инвесторлардың сауалдары)

Tel.: +7 (717) 297 54 33

Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97 79 08
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz